Әлеуметтік желілерде 19 шілдеге қараған түні Fitness Blitz клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz -ке сілтеме жасап.
Полицейлер бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Алматы қаласы Наурызбай ауданы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу-жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм достарымен жанжалдасып қалған.