Air Astana тобының мәліметіне сәйкес, Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында өндірістік оқиға болған. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде әуе кемесінен өрт шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
- Өрт әуежайдың жедел қызметтері тарапынан дереу сөндірілді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды. Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған, - делінген мәлімдемеде.
Air Astana тобы қазір әуе кемесі зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ол пайдаланудан уақытша алынып тасталғанын атап өтті. Одан бөлек өндірістік оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.