Алматыда фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді

«Қала күні мерекесі аясында 6-7 қырқүйекте Орталық концерт залында, ал 8 қыркүйекте Абай атындағы МАТОБ-та (жабылуы) фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты республикалық фестиваль-конкрусы өтеді», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

«Ғасырлар сазы» фестиваль-конкурсын ұйымдастырудағы басты мақсат - осы жанрды одан әрі дамыту, еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарын насихаттау.

Фестиваль-конкурсқа «Сазген сазы», «Тұран», «Адырна», «Қобыз сарыны» және басқа да шығармашылық ұжымдар қатысады.

«Конкурстық негізде 29 шығармашылық ұжымнан өтініш келіп түсті», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Олардың мәліметтерінше, фестивальда халықтық фольклорлық-аспаптық және ән жанрындағы ең үздік шығармалалар ұсынылады. Жалпы, көрермендер бұл күндері адырна, жетіген, саз сырнай, сыбызғы, басқа да көне музыка аспаптарының үнін тыңдай алады.