Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі өз бақылауына алды



Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, шұғыл тергеу тобы құрылды. Қылмысқа қатысты бірнеше жорамал қарастырылуда. Соның ішінде азаматтың дүние-мүлкін иемденіп алу мақсатымен өлтіру деген жорамал да бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-тамызда Алматының Алмалы ауданындағы бір үйдің пәтерінен 25 -жастағы Франция азаматы- журналист Гругуар де Бургтың мәйіті табылған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ол пышақтау салдарынан жан тапсырған. Полиция қылмыстық іс қозғады.