«Біз әлемдік, америкалық киноға балама болатын киноны осымен бесінші рет енгізуге талпындық.
Бұл фестивальдің міндеті басқаша кино көрсету болып қала береді. Ол америкалықтардан өзгеше, ол қазақстандық киноға жақын, өмірдегі қиындықтар туралы әңгімелейді, оларды тиісті түрде көрсетеді.
Біз қазақстандық индустрияны құруда дәл осы француз үлгісіне сүйенуді қалаймыз», - деп «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Фестиваль шеңберінде сәуірдің соңында ғана прокатқа шығатын картиналар көрсетіледі. Олар «Қытайлық шытырман», «Махаббат – мінсіз қылмыс», «Тур де шанс», «Сезім алауы».