Алматыда Фура автобөлшектер дүкеніне кіріп кетті (ВИДЕО)

Ғаламторға видеоны Алматы тұрғыны Алмас Шаймерденов салған.

Бейнероликтен көргеніміздей, жүк көлігі жолындағы дүңгіршекті қирата отырып, автобөлшектер сататын дүкенге кіре тоқтаған.

Оқиғаға куә болған Алмастың айтуынша, апат таңертеңгі 8 шамасында орын алған болу керек. Көліктің жүргізушісі орнында болмаған.

Әзірге апат себептері белгісіз. Қалалық ІІД аталған дерекке түсініктеме бермей отыр.