Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Айта кетейік, осыған дейін Құрманғазы көшесінің бойында кеңес кезінің жазушысы әрі революционер Дмитрий Андреевич Фурмановтың ескерткіші тұрған еді. Ал бірақ қазір ол жерде тек құрылыс материалдары жатыр. Жол жөндеп жатқан жұмысшылар болса мүсінді кімнің алып тастағанын білмейтінін айтады. Сондай-ақ, олар Дмитрий Фурмановтың кім екенін білмегенін және мүсіннің кімнің құрметіне орнатылғанын білмегенін айтады. "Бүгін келсек - мүсін орнында жоқ. Кеше ғана тұрған еді", - дейді Заир Тургиев. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.