Турнирге әлемнің үздік командалары - "Интелли" (Бразилия), "Чонбури" (Таиланд), "Динамо" (Ресей) және "Қайрат" (Қазақстан) қатысады, делінген дүйсенбіде басқармадан таралған ақпаратта.
2 қазан күні сағат 18:00-де Суперкубок матчында "Динамо" мен "Интелли" командалары кездеспек, сол күні сағат 20:30-да "Қайрат" пен "Чонбури" кездеседі.
3 қазан күні сағат 18:00-де үшінші орын үшін матч өткізіледі, ал сағат 20:30-да турнирдің финалы өтеді.