Польшаның Щецин қаласында болған бірінші ойында командалар 1:1 есебімен тең өнер көрсеткен болатын.
Енді, биыл 14 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтетін Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өту үшін отандастарымыз алдағы ойында қалайда жеңіске жетуі тиіс.
«Өткен жылы Қазақстан құрама командасы Франция (4:2), Чехия (3:1) секілді әлемге танымал мықты командаларды жеңіп, Словениямен (2:2) тең ойнаған болатын. Сөйтіп, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды», - делінген Қазақстанның футзал қауымдастығының хабарламасында.
Айта кетелік, алдағы матч 12 сәуір күні кешкі сағат 19:30-да басталады.