Алматыда гараж шатыры өртенді


Өрт туралы хабарлама 101 пультіне күндізгі 12:00-де түскен. 
«Өрт көлемі 80 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге бағытталған 5 арнайы техника мен жеке құрамның 21 қызметкері тілсіз жауды 15 минутта ауыздықтаған. Гараж Алматы вагон жөндеу зауытының «Ырысты» АҚ-на тесілі екен», - деді С.Баймұхамедова. 
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.