Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан 700-дей үй көгілдір отынсыз қалды

Атап салдарынан екі қабатты 9 үй мен 699 жай үй көгілдір отынсыз қалды. Оқиға орнындағы қалпына келтіру жұмыстары 12 сағатқа созылып, кешкі 17 сағат 15 минутта аяқталды.

Апат зардабын жою жұмысына "Алматы газ желісі" ЖАҚ-ның қызметкерлері қатысты.