Алматыда «Ғарыш әлеміне - 50 жыл» атты көрме ашылды

Аталмыш көрме адамзаттың алғаш ғарыш кемесімен ғарышқа қонғанына 50 жыл толуына орай ашылып отыр.

Көрмеде адамзаттың ғарыш кеңістігін игеру тарихына ерекше мән берілген. Онда «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар Ұлттық орталығы», «ҚР Тағамтану институты», № 48 «Ғарыш» лицейінің және № 23 мектептің 9-шы сынып оқушысы Әлібек Балахметовтың жеке жинақ қорларынан алынған және Алматы қаласы тарихының мұражайы қорындағы бірегей жәдігерлер қойылған.

Атап айтсақ, жарты ғасырдан астам тарихы бар Байқоңыр ғарыш айлағынан сыр шертетін фотосуреттер мен зымыран тасымалдаушы құрылғы бөліктері, ғарыштық тағам түрлері, қызықты кітаптар, ғарышкерлердің суреттері, сондай-ақ ескі тиындар мен ғарыш кеңістігінің 50 жылдығына арнап шығарылған тиын түрлері көрмеден орын алды. Іс-шара барысында ғарыш тақырыбына арналған деректі фильм көрсетілді.

Көрме қонақтары ретінде Ғарыштық зерттеулер және технологиялар Ұлттық орталығының мамандары мен № 35 гимназия оқушылары қатысты.

Ең алғаш Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет Ю.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған. Одан кейін ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар орындалды. «Восток», «Восход», «Союз», «Мир» т.б. жасанды серіктері ұшырылды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Сонымен қатар, Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша тағы бір қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта 1994 және 1998 жылдары 2 рет болды.