Алматыда ғимаратты бұзған кезде қабырға құлап, бір жұмысшы мерт болды



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданында бұрынғы №2 сыра зауытының 5 қабатты ғимаратын бұзып жатқан кезде кірпіш қабырға құлады. "Соның салдарынан "Consobe Constraction" ЖШС-нің 32 жастағы жұмысшысы жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.