Биыл 14-ші рет өткізілгелі отырған бұл спорт додасы 2007 жылдан бері European Challenge Tour аясында өтетін Қазақстан Опен (Kazakhstan Open) кәсіби турнирінің іріктеу сыны саналады. Seimar Open жеңімпазына чемпионаттың бас жүлдесі - "Үлкен жұмыртқа" кубогы беріледі. Сондай-ақ ең үздік қазақстандық спортшыға кәсіпқойлар арасындағы "Қазақстан Опен" турнирінде ел намысын қорғауға мүмкіндік беріледі.
Қазақстан, Ресей, Корея, Жапония және ЕуроОдақ елдерінің спортшылары қатысып жүрген бұл турнирде 1998 жылы Еркін Қалиев, 1999 жылы Александр Стрункин, 2000-2005 жылдары Шим Жае Доунг (Shim Jae Dong), 2006 жылы Миналлах Шахбаз ( Minallah Shahbaz), 2007 жылы Андрей Лагай, 2008 жылы Ким До Иун (Kim Do Yun), 2009 жылы Канг Винг Ку (Kang Bying Ku), 2010 жылы Нұрлан Мақұлбеков жеңімпаз атанды. Биыл оның ең жас қатысушылары 11 жастағы Дәулет Төлеубаев пен Александр Кузьмин болмақ. Бұған дейін жасөспірімдер турнирінде олжалы болып жүрген олар енді ересектер арасында да өз бақтарын сынамақ.