Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Грузияның үш азаматы елімізде заңсыз жүрген. "Шетелдіктер Осипенко көшесінің бойындағы кіштентай үйді уақытша сақтау қоймасына айналдырған. Бұл жерден бірнеше ұялы телефондар, киілген киімдер және тұрмыстық техникалар табылған, бұлар грузиндік қонақтардың қылмыстық әрекеттерінің айғақтары болып табылады",- деп хабарлады полицейлер.
Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандардың әрқайсысынан есірткі тапқан. "Күдіктілер өздеріне тәртіп сақшыларының келетіндігін жоққа шығармаған, сондықтан да олардың келуіне орай есірткіні қайдан алғандықтары туралы түсініктеме дайындап қойған",- деп хабарлады полицейлер. Бірақ Грузия азаматтарының есірткі тасымалдау мен оны сатуға қатыстары бар екендіктерін жоққа шығармай отыр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күнде аталмыш топ мүшелерінің бір пәтер қылмысына қатыстары бар екендігі дәлелденген. Шетелдіктердің кім екендіктері қазір ішкі істер департаментінің барлық есепке алу тізімдері бойынша тексерілуде. Олардан тәркіленген заттар ашылмай қалған ұрлық, тонау және қарақшылық шабуыл деректері бойынша танып алуға ұсынылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті