Шараға Қазақстанның, Чехияның, Италияның, Латвияның, Грузияның және Ресейдің көрнекті мәдениет қайраткерлері шақырылып отыр.
Фестивальдің ашылуы 22 наурызда «Астана» алаңында өтеді. Конкурстық сайыстар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында болады.
Конкурстық бағдарламасында вокал, хореография, театр, пародия, сән театры, кішкентай арулар, «Жүз секундта таңғалдыр» бірегей аталымдары бар.
Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатыспақ.
Фестивальді «Таңсәрі» продюсерлік орталығы мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырғалы отыр.
Өнер жарысының мақсаты - жас таланттарды анықтап, балалардың адамгершіл, мәдени және шығармашылық жетістіктерін дамыту болмақ.