Марьям Сағитова мен Тадеуш Дзевицкий қалаға 6 мыңнан астам жұпаргүл бұталары мен түптерін сыйлады. Бүгінде осынау селекционерлердің өз қолымен өсірген жұпаргүлдері қаланың көптеген жерлерінің, атап айтсақ, Православиелік Никольский соборының жанындағы алаң, Алматы қалалық мемлекеттік сорт сұрыптау алаңы, дендропарк, жас натуралистер станциясы мен басқа да көптеген жерлердің көркін ашып тұр.
Фестиваль бағдарламасы бойынша түрлі гүлдер мен гүлдерге арналған шығармашылық жұмыстардың байқауы, қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі, гүлдерді егуге қатысты мастер-кластар, орган сазы мен хор концерті ұйымдастырылады.
Фестивальді "Шоқжұлдыз" клубының жетекшісі, селекционердің қызы Милада Дзевицкая, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Алматы қалалық әкімшілігі мен "Шоқжұлдыз"өнер клубы ұйымдастырады. Фестивальге жеке меншік компаниялар мен Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасы қолдау көрсетпек.