«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы. Қонақтардың арасында италияндықтардан дирижер - Марко Балдери, тенор - Антонино Интеризано, сопрано - Кристина Пиперно, Оңтүстік Кореядан тенор - Ли Вон Йонг пен сопрано - Йонг Ми Ким, Ұлыбританиядан Ковент-Гарден королдік театрының прима-балеринасы Роберта Маркеc Барбоса, Ағылшын ұлттық балетінің премьері - Арионель Пилерно бар. Онда қазақстандықтардан ҚР Халық артисі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жамила Баспақова, Сауле Рахмедова, Болат Жомартов, Бейімбет Қожабаев, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солистері Фархад Буриев, Дәурен Жеңіс және тағы басқа өнер шеберлері қатыспақ. Бағдарламаға «Ж.Пуччинидің «Богема», Тұрандот ханшайым» опералары, Б.Эйфманның «Анна Каренина», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеттері еніп отыр.