Бұл оқиға жақын күндері Алматыдағы үлкен мешіттердің бірінде орын алды. Оқиға мұсылмандарға қатысты көптеген «қысыр сөздердің» авторы, Қазақстан мұсылмандар кеңесінің төрағасы Мұрат Телібековтің басынан өткен, - деп хабарлайды skifnews ақпараттық порталы.
Мешіт имамы мен Мұрат Телібековтің арасындағы сұрақ-жауап төмендегідей:
- Құрметті имам, мешітте отырғанда неге аяқты Меккеге қарата созып отыруға болмайтындығын түсіндіріп беріңізші?
- Егер адам олай істесе мұсылмандардың қасиетті орындарына құрметсіздік болып табылады, - деп жауап берді ойланбастан.
- Ал мешітте Құбылаға арқасын беріп тұрса ше?
- Арқасын беріп тұрса болады. Бұл мәселеде күнә көріп тұрған жоқпын.
- Бірақ «бұл тұрыста артым Мекке жаққа бағытталады ғой!» деп мен күмәндандым...
- Егер артыңыз тырдай жалаңаш болса күнә болады. Ал ыштаныңыз болса, рұқсат!
- Ал егер ыштанымда тесік болса ше?
- Кішкентай тесік ешнәрсе қылмайды. Егер үлкен жыртық болса міндетті түрде жамау керек.
- Ал егер менің аяғымда шұлығым болса, Қағба тарапына аяғымды соза берсем бола ма?
Имам бірден ойланып қалды да «жоқ, болмайды», – деді.
- Неге?! Бұтың жабық болса болады, ал аяғың жабық болса болмайды? Айырмашылығы жоқ қой?!
- Сіздің сұрақтарыңыз қоғамда күмән ұялатады. Бұл фитна! Арандатушылық! – деп имам ашуланып шыға келді. – Тез арада мешіттен шығып кетіңіз! Есі дұрыс сұрақ қоюдың орнына, үнемі осындай қырт сұрақтармен жұрттың басын ауыртасыз!