Алматыда имамдар науқас балаларға ерекше тарту жасады

Балаларды мерекелерімен құттықтап, әрі денсаулықтары үшін дұға жасап мешіт қызметкерлері де келген. Имамдар кішкентай науқастармен жеке-жеке жүздесіп, «шипасы қонсын» деген ниетпен бата жасады. Кездесуге бұл кісілер де құр қол келмепті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының атынан әкелінген базарлықтары бар. Жалпы, елімізде соңғы есепке жүгінсек, 700-ге жуық балаға қатерлі ісік диагнозы қойылған екен. Соның басым бөлігі лейкоз, яғни аққан түйіршігіне шалдыққандар. Алматыдағы бұл онкологиялық орталықта соның 30-ы ем алып жатыр.  

Loading...