Алматыда инкассатор көлігі төңкеріліп түсті


Инкассаторлар мінген көлік қатты соққыдан төңкеріліп түсті. Куәгерлердің айтуынша, ақшаға толы УАЗ қарсы бағыттағы жолға шыққан көрінеді. Сосын күтпеген жерден су тасушы көлік пайда болып, оң жақ бүйірінен оңдырмай соғыпты. Инкассатор көлігінде отырған екі адам ауыр жарақаттармен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.