Бұл туралы Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігі хабарлады.
Көрсетілімдерге Иранның Мохаммад Хазайи, Пежман Лашгарипур, Реза Хазали сынды жетекші кинопродюсерлері қатысады.
«Бүгінде Иран киносы әлемде ізгілікті ту етіп ұстаған индустрия ретінде танылған. Иран көптеген халықаралық кинофестивальдерге белсенді түрде қатысады және алар орны ерекше. Осы уақыт аралығында Иран кинолары «Оскар», «Алтын пальма бұтағы», «Алтын аю», «Алтын арыстан» сынды ағы да басқа киножүлделерді иеленді», - делінген хабарламада.
Иран киносы аптасының бағдарламасына «Ұстап беру», «Жат адамдар», «Төртінші бала», «Көк жібек жол», «Біреу ғана» сынды фильмдер енген. Фильмдер кешкі сағат 19:00-де басталады. Кіру тегін.