Алматыда «Иран шеберлерінің туындыларындағы ислам мәдениеті мен өнері» атты көрме өтеді

Көрме қасиетті «Рамазан» айында Құран туралы білімді дәріптеу мақсатында өткізіліп жатыр.

«Көрмеге каллиграфиялық «куфи» тәсілімен жазылған аят суреттері қойылады. Басқа бөлім Иранның каллиграфия өнері («насталик») бойынша қазіргі заман шеберлерінің ислам мен Құран тақырыбындағы шығармаларына арналады», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.

Одан басқа, көрмеде Қасиетті Құранның «нсталик» тәсілімен орындалған өте сирек қолжазбалары мен басылымдары, Құранның шетел тілдеріне (ағылшыншы, французша, немісше) аудармалары, Құран туралы аудио-бейне таспалар қойылады. «Көрменің ерекшелігі – Иран Ислам Республикасында жасалған «сөйлейтін Құран», дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Одан басқа, көрмеге келушілер ирандық екі шебер - Парвиз Назаридің «мошаббак-е фелез» өнеріне (металлға әшекейлеп селдір жазу) және Ахмад Мохаммадпурдың каллиграфия өнеріне («насталик» жазуына) арналған 60-тан астам шығармаларын көре алады. П. Назари мен А. Мохаммадпур Алматыда мастер-класстар өткізеді.

Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының өкілдері 25 тамызда 16:00 сағатта көрмені салтанатпен ашады.