18-ші қаңтарда көлік апатына түскен автобус жүргізушісі Жәңгір Боқашевтің қазіргі күйі осындай. Оң қолы мен екі аяғы қатар сынған. Орнынан қозғала алмайды. Айтуынша, сол күні автобустың тежегіші істен шығыпты.
Жәңгір Боқашев, автобус жүргізушісі:
-Жаяу жүргіншілержолында , бір адам кетіп бара жатыр екен. Енді оны өткізуім керек қой. Енді тежегішті бассам, түсіп кетіпті төмен қарай.
Бой бермеген соң автобусты қалайда тоқтатудың амалын жасап, оң қапталда қаз-қатар тұрған көліктерге әдейі соқтығысқан. Бірақ, қоғамдық көлікті тоқтатуға бұл да сеп болмапты. Қалайда жолаушыларды аман сақтап қалу керек. Амал жоқ, автобустың өзі отырған бұрышымен әдейі Камазға барып ұрған. Өз өмірімді осынша қатерге тіккенімде енді автопарк басшылары өзімді қаралап жатыр деп налиды жүргізуші.
Жәңгір Боқашев, автобус жүргізушісі:
- Мойныңа ал дейді. Тежегіш қастмай қалды деп айтпа деп отыр. Рөлге ие бола алмай қалдым деп айтқанымды сұрап отыр. Жоқ, жынды адамды тапқан екенсіңдер,олай болмайды дедім.
Бұл №2 автобус паркінің көлік жөндейтін орны. Көліктерден ақау шықса, осы жерде толық жөнделмейінше қызметке жіберілмейді. Апатқа ұшыраған автобус та осылай үнемі жөндеуден өтті дейді басшылары. Сондықтан, бар кінә не болса да жүргізушінің өзінде дегеннен тапбай отыр.
Жәнібек Жақсылықов, Алматы қалалық №2 автобус паркі директорының орынбасары:
-Ол жүргізушінің айтқан сөздері өтірік. Миы шайқалып қол-аяғы сынып, операциядан шыққан адам не айтып не қойғанын білмейді ғой.
Бір анығы, апатқа түскен автобус 90-шы жылы шыққан ескі көлік. Бұл автопаркте дәл сондай автобустардың тағы бірнешеуі бар. Егер сараптамадан кейін техникадан ақау табылса, автопаркке қатаң шара қолданылары анық. Дегенмен кінәлі тарап сол ресми қорытындыдан кейін белгілі болмақ.
Loading...