Алматыда ірі сауда орталығынан өрт шықты


Кәугерлердің сөзіне қарағанда, қою түтін бастапқыда екінші қабаттағы терезеден шыққан. Кейін күш алып, көрші кеңселерге тарапты. Ал өрт сөндірушілердің жұмысына барар жолдың тарлығы кедергі жасаса керек. Уақыттың басым бөлігі аула ішіндегі жеке көлік иелерін іздеумен кеткен. Дегенмен мамандар жанып жатқан ғимарат ішінен 45 адамды қауіпсіз жерге шығарып, бір сағат ішінде өртті ауыздықтады. Келтірілген материалдық шығын көлімі мен жалынның шығу себептері арнайы тексерістен соң белгілі болмақ.