Алматыда ірі жол апаты болды, құрбан болғандар бар

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қазанда 22 сағат 50 минутта Әуэзов ауданында Райымбек және Сайын көшелерінің қиылысында 7 автокөлік соқтығысты.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, апатқа "ДЭУ" маркалы №126 автобус пен алты жеңіл автокөлік қатысқан.

Апат салдарынан ауыр жарақаттанған екі адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті