Алматыда «Ислам мәдениеті мен өнері иран шеберлері туындыларында» атты көрмесі ашылмақ



Экспонаттар ішінде Иран Ислам Республикасы Мешхеде қаласында сақталып тұрған Годс – е Разави облысы қорынан алынған Қасиетті Құран суреттері бар. Сонымен бірге, көрмеде «нәсталик» жазуымен жазылған сирек қолжазбалар және Қасиетті Құран басылымдары, Құранның шет тілдердегі (ағылшын, француз, неміс) аудармалары, Құран туралы аудио-бейне дискілер ұсынылған. Көрменің келушілері қызығып тамашалайтын экспонат Иран Ислам Республикасында дайындалған «Сөйлейтін Құран» болмақ.
Көрмеде Алматы қаласына Ираннан арнайы келген және барша қонақтарға мастер-класс өткізетін Иранның екі көрнекті шеберінің – «Мошаббак-е фелез» (металды жұқалап кесу) өнері бойынша Парвиз Назаридің және каллиграфия өнері бойынша («нәсталик» жазуы) Ахмад Мохаммадпураның 60-тан астам жұмысы ұсынылған.
Иран өнерінің сұлулығын жақыннан көзайым куәгер болуды және Иранның белгілі шеберлерінің үздік туындыларымен танысуды қалайтын барлықтарыңызды оны тамашалауға шақырамыз.