Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды

Жалпы биыл фестивальге қатысуға 30-дан астам елден, 170-ке тарта картина қатысуға үміт білдіріпті. Бірақ іріктеуден соның тек 12-сі ғана өткен. Олардың қатарында бұрын «Еуразия» байқауына тұңғыш келіп отырған Сингапур, Сауд Арабиясы және Иран сынды елдердің туындылары бар. Сұрыптаудан өткізу құзыреті биыл Жаңа Зеландиялық әйгілі әйел режиссер – Джейн Кэмпион мен «Глодиатор» фильмінің сценаристі әрі продюсері - Дэвид Францони бастаған кино шеберлерге беріліп отыр. Ал осы жолғы сынаққа қазақ атынан режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» атты жалғыз катинасы түсуде. Фестиваль 20-шы қыркүйекте мәресіне жетеді.


Джейн Кэмпион, «Еуразия-2013» фестивалі қазылар алқасының төрайымы:

- Сайысқа түсетін әрбір туындының мазмұнына мен түсірілім техникасына басты назар аударатын боламын. Сондықтан өзгелермен көзқарасым әр тұста сәйкес келмей жату да мүмкін. Үздік картина жан-жағынан да озық болуы тиіс. Бұрын қазақ фильмін көрмеппін. Бірақ өнерлеріңізбен танысуға әзірмін.