Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жедел-профилактикалық шараларды жүргізу барысында криминалдық полиция басқармасы мен басқа да қызметтердің қызметкерлерінің қатарынан тергеуден қашып жүрген тұлғаларды анықтап, ұстау үшін қосымша арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. "Біз мұндай күндері басқа аймақтардағы және көрші елдердегі әріптестерімізбен тығыз қатынаста боламыз. Себебі, қылмыс жасаған адам құқық қорғау органдарынан басқа мемлекеттерде бой тасалап жүретіндігі жиі кездеседі",- деп хабарлады Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Вадим Стрельцов.
Естеріңізге сала кетейік, ауыр және орташа ауыр қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді іздестіру тиімділігін көтеру мақсатында 17 - 26 қыркүйек аралығында Алматыда "Іздеу" жедел-профилактикалық шаралар өткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті