Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Әуе көлігімен тәртіп сақшылары таулы аймақтарды түгел сүзіп шықпақ. Ал туған-туыстары оны белгісіз біреулер жасырып ұстап отыр деген пікірде. Соған байланысты, Сафардың анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасады, деп хабарлайды КТК.

-Ұлымды ұстап отырған біреулер болса, айтарым, бүкіл отбасымыз сіздерге ешқандай шара қолданбайды. Тек қалада кез келген аялдамаға немесе басқа бір жерге тастап кетсеңіздер болғаны. Анасы ретінде мені түсінулеріңізді сұраймын, дейді С. Шәкеевтің анасы Жібек Шәкеева.


Белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы 25 жастағы Сафар Шәкеев осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет таңғы 7:30-да әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысында болғаны бақылау камерасына түсіп қалыпты. Бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге ағайын-туыстары, достары және еріктілер тобынан құралған 50 адам күн сайын іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер Есентай өзенін сүзгілеп, ештеңе таппапты. Сондықтан туыстары Сафарды біреулер ұстап отыр деген сенімде. 

Loading...