«Жоғалған қызды іздеуге полиция бар күшін салды. Жетісу ауданының ІІБ мен қалалық ІІД қызметкерлерінен тұратын жедел іздестіру тобы құрылды. Саидамен араласқан адамдар тексеріліп, іздестіру барысында 24 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол қызды өлтіргенін мойындап, қылмысқа өзінің танысын да тартқанын жеткізді», - деді қалалық ІІД қылмыстық полиция басқармасы тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Адалат Джафаров.
«Күдіктілер 1990 жылғы туылған, тұрақты жұмыс орындары жоқ. Олар қаза болған қыздың банкілік шотындағы қаржыны алуға тырысқан», - делінген хабарламада.
Қазір күдіктілер тергеу оқшаулағышына қамауға алынып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.