Алматыда кафе қызметкері қазақша мәзір сұрағаны үшін қонақтарды «нацист», «фашист» деп атаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Азаттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

5 ақпанда Алматыда «Динара» кафесіне барған қонақтарды кафе қызметкері қазақша мәзір сұрағаны үшін «нацист», «фашист» деп атаған. Артынша қару асынған адам оларды ғимараттан шығарып жібермек болған. Қонақтар қазақша қызмет талап еткені үшін құқығы бұзылғанын айтып, кафенің үстінен сотқа арыз берді.


Loading...