""Чиккен Хаус" кафесінде сенбі күні бірнеше тауық өнімі дайын күйінде сатып алынды.Тамақты жеген алты адам офисте өздерін нашар сезіне бастады",- деп хабарлады зардап шеккендердің туыстары.
Зардап шеккендердің бірінің жұбайы айтқанындай, жексенбі күні оның күйеуінің дене қызуы көтеріліп, кешке сағат 22.00 минутта номер 1 жұқпалы аурулар ауруханасына "салмонеллез" диагнозымен жеткізілді. Аурухана дәрігерлері айтқанындай, ол "Чиккен Хауз" тамағынан уланған 10 адам болған.
Зардап шеккендердің туған туыстарының пікірінше, осындай дертпен ауруханаға 15 адам келіп түскен.
Туыстардың сөздері бойынша, бүгінгі күні "Чиккен Хаус" кафесі жабық, алайда дүкен жұмыс жасап жатыр.
Дәрігерлер айтқанындай, сальмонелла таяқшалары тауық пісірілгеннен кейін жойылады. Алайда,"дайын болған тауық қанаттары шикі еттің қасында сақталған болса керек. Мүмкін тіпті салмонелла таяқшасы бар тауық еті осы күнге дейін тоңазытқышта сақталып, дүкенде сатылып жатуы да ықтимал ", - деп есептейді дәрігерлер.