Алматыда "КамАЗ" көлігі жай үйді соғу салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25 сәуірде 17 сағат 24 минутта Медеу ауданында Тәттімбет көшесінде "КамАЗ"автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тежегіші істен шығу салдарынан тізгінге ие бола алмай, жай үйге соғылды.

Оқыс оқиғаның салдарынан үй бүлініп, үш адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, үйіндіні аршыған кезде бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.