Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 33 жастағы Қырғызстан азаматшасын тұтқындаған. Ол осыдан бірнеше ай бұрын тағы бір танысымен бірге Қырғызстаннан 14 жастағы қызды заңсыз алып кеткен. Алматыда жасөспірімді 30 мың теңгеге бір әйел сатып алып, өз кезегінде тағы бір жеңгетайға сатқан.
Қазіргі уақытта жасөспірім Алматы қалалық ІІД кәмелеттік жасқа толмағандардың уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығында жатыр. Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, қамауға алынған. Оларға қатысты Алматы қалалық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы (Кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.