Алматыда карантин талабы күшейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Ол бойынша шаһарда күшейтілген карантин режимі 20 шілде түнгі сағат 00.00-де күшіне енді.

"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", - делінген қаулыда. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 
сайтында
 жарияланды.