Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Kaspi Bank» ғимаратының ішінде және сыртында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі оқиға орнынан.
Жедел жәрдем көлігінде банктің әйел қызметкеріне медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер Kaspi Bank-ті тонауға әрекеттенген.
Банктің баспасөз қызметі оқиғаның анық-қанығын кейінірек хабарлауға уәде берді. Ал, қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласу әзірге мүмкін болмады.