Бүгін Алматыда қатты дауыл көтеріліп, қаланы бір сәтте қара түнек басты. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан бірнеше көлікке зақым келгенін байқауға болады. Жүргізушілер әдеттегідей 10 балдық кептелісте қалып қойды. Ал такси қызметі бірнеше есе қымбаттап кетті.
Электр қуаты үзіліп, кейбір бағдаршамдар жұмыс істемей тұр.
Коммуналдық қызметшілер қызу жұмыс істеп жатыр, бірақ суды сорып үлгермей жатыр.
Алматы халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі туралы ескертті. Кейбір тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың сыртқы қабаты құлап, аялдамалардың шатырлары жұлынып кеткен. Жел электр желілерін, жол белгілерін және ағаштарды құлатуда. Қүлаған ағаштар жолдағы көліктерге зақым келтірді.
Кейбір аудандардағы жолдарда көріну деңгейі төмен. Қатты дауылдың арты нөсер жауынға ұласты. Төтенше жағдай қызметі қала тұрғындарын сабырлыққа шақырып, үйде қалуларына кеңес берді.