Алматыда кедендік бақылауға арналған аймақтық семинар-кеңес басталды

Семинар Әлемдік банк пен ЮСАИД-тың қаржылық демеушілігі арқасында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің қолдауымен өткізілуде.

Семинардың басты мақсаты - кедендік бақылауды жүзеге асыруда тәуекелділікті басқару және талдау жүйесін қолданысқа енгізуге бағытталған біртұтас концепция жобасын жасауға саяды.
Семинарға ЕурАзЭҚ-қа мүше бес мемлекет- Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның кедендік қызметтерінің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Түрікменстан және Өзбекстанның кедендік қызметтерінің өкілдері, ал сарапшы ретінде халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.
Кеңеске ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов қатысады.
Семинар жұмысы 14-қарашада аяқталады.