Алматыда келімсектер үшін салық төлегісі келмейтіндер жазаланып жатыр

-Өзбекстан? Қашан келдіңіздер?

-Екі ай болды.

-Түсінбедім.

-Екі ай.

-Осында жұмыс істеп жүргендеріңе ма?

-Ие.

-Тіркеу бар ма?

-Бар шығар.

-Құжатыңызқайда?

-Бастықта.

Бұлар басшысына төлқұжатын беріп, ай соңында қолма-қол ақша алып келген Өзбекстан азаматтары. Көпқабатты үй құрылысын жүргізіп жатқан компания олармен еңбек шартын жасамаған. Жалпы мұнда жергілікті жұмысшылармен де қағаз жүзінде ешқандай келісім жоқ. Яғни, оларға төленген жалақының бір тиына да мемлекетке салық ретінде түспейді. Мұндай компанияларға алғашында ескерту жасалып, оны елемегендеріне миллиондап айыппұл салынып жатыр.


Ләззат Жүгербаева, Бостандық аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының бөлім басшысы:

Біріншіден салықтың әкімшілендіру жүргізіледі. Одан кейін салықтық әкімшілендіру барысында оған хабарлама жіберіледі. Жұмыс беруші тексерусіз өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сол кезде ол тіркелмеген жұмысшыларды көрсетуі керек. 

Loading...