Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді

Дератизация жұмыстары көбіне Алатау ауданындағы ғимараттарда жүргізілетін болды.

«Егеуқұйрықтар иерсиниоз, листериоз, туберкулез тағы басқа ауруларды таратады. Бұл кеміргіштердің санына тікелей байланысты. Неғұрлым жануарлар саны көп болған сайын, ауру тарау көрсеткіші де жоғары болмақ. Кеміргіштер азық-түлік кәсіпорындарына үлкен шығын әкеледі», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Қызметкерлер улы химикаттарды саябақ аймақтарында, жекеменшік үйлердің маңында, көппәтерлі үйлердің жертөлелерінде шашады.


Айта кету керек, жыл сайын күзде және көктемде Алматы мен қала маңайында 47 га аумақта дератизация шаралары жүргізіледі.