Шара ақынның 150 жылдығына арналды. Онда елімізге танымал ғалымдар, мәдениеттанушылар мен жазушылар Н. Байғанин шығармашылығын талқылап, терең мәнін ашуға тырысты. Дөңгелек үстелге елордадан арнайы келген Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Негимов жырау шығармашылығын жоғары бағалай келіп, ашылмаған қырлары әлі де бар екеніне тоқталды. Оның пікірінше, жырау шығармашылығы әлі де толыққанды зерттеулерді қажет етеді.
Басқосуға халық ақынының немересі Ерболат Байғанин де қатысты. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның оқытушысы, дәстүрлі ән өнерінің шебері Сәуле Жанпейісова өзінің бірнеше шәкірттерімен келіп, жыраудың «Нарғыз», «Халық игілігі» атты шығармаларын орындады.