Алматыда халық санының артуына байланыста қылмыс фактілері көбейді - ІІД

   Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста Алматы қ ІІД бастығы Серік Кудебаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл қылмыстар негізінен - бұзақылық, ұрлық пен алаяқтық әрекеттер.

«Сондықтан, полиция қызметінің жұмысын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл қаңтар айының ішінде Алматыда жаңадан табиғат қорғау полициясы белсенді түрде жұмыс істей бастады. Соның арқасында қала көшелерінде, қоғамдық орындарда тәртіп орнату жұмыстары жандандырылды. Алматылық полиция қызметкерлері жыл басынан бері 36 000 әкімшілік құқық бұзышылықарды тіркеді. 90,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Адамдарды ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін жауапкершілікке тарту - өткен жылмен салыстырғанда 24,7 пайызға артты. 444 адам абақтыға жабылды» - деді өз сөзінде С. Кудебаев.

Сонымен қатар, ІІД мен қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдар арасында тығыз байланыс орнатылды. Белсенді қала тұрғындары және 800 жуық күзет ұйымдары қоғамдық тәртіп орныту жұмыстарына тартылып, қоғамдық сипаттағы күзет жұмыстарына жұртшылық тарапынан 7,5 мың күзетші қатысты.



Тағы бір айта кететін жәйт, Алматыда ауыр және ауыр қылмыстар 11 пайызға қысқарған. Ал кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл жасау, зорлау 1,5 есеге азайған.