Ж.Тұрмағамбетованың айтуынша, "кеңседен 6 жайпақ монитор мен бюроның іс-қызметіне қатысты ақпараттары бар 13 процессор тоналған".
Ж.Тұрмағамбетованың айтуынша, кейінгі кездері бюрода азаматтардың хаты мен арыз-шағымдарына қатысты қалыпты жұмыстар жүргізіліп жатқан. Дегенмен, бюро директорының орынбасары "тонаушылық оқиғасы қандайбір нақты мақсатпен жасалған" деп пайымдайды. Оқиға орнында қазір Алматы ІІД, қылмыстық полиция және Бостандық аудандық ІІБ-ның өкілдері жұмыс істеп жатыр.