Л.Едігенованың айтуынша, жәрмеңкеде халықаралық жоғары білім ордалары мен шетелдерде оқуға арналған гранттарға ие болу мүмкіндіктері туралы ақпаратты әркім ала алады. Бағдарламалардың арасында Оксфорд және Кембридж университтеріндегі магистратуралық бағдарламалар, Орталық Еуропа Университетінде, АҚШ, Франция, Германия және басқа да университеттерде білім алуға шәкіртақы жеңіп алу бағдарламалары бар. Л.Едігенованың айтуынша, шетелдерде білім алу туралы барлық ақпаратты тегін алуға мүмкіндік толық.
Жәрмеңкені 2004-жылы құрылған "Білім- Орталық Азия" білім беру орталығы ұйымдастырады. Коммерциялық мақсатты көздемейтін, қоғамдық ұйым болып табылатын бұл орталық Орталық Азия аймағындағы елдерге білім беру саласының дамуындағы әлемдік ағымдарды зерттеуге және халықаралық білім беру процессіне белсенді атсалысуға септігін тигізу миссиясын атқарады.