Орталық Азиядағы мамандандырылған ең ірі көрме «Атакент» орталығында өтеді.
Үш күн бойы семинарлар, тұсаукесерлер мен киім үлгілерінің көрсетілімдері өтпек. Қатысушылардың арасында Италия, Испания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Беларусь және Польша елдерінің өкілдері бар.
Сән көрмесінде өздерінің жұмыстарын 16 ел және 150-ден астам компания ұсынады деп күтілуде.