Д.Леклердің айтуынша, 12 мүшелі қазылар алқасының талқысына 4 жұмыс , атап айтсақ, Қазақстаннан бір ("Хабар агенттігі" ЖАҚ) , Филиппиннен екі, Гонконгден бір жұмыс ұсынылмақ.
Сюжеттерге берілген бағаны дауыс беру арқылы қорытындылаған қазылар алқасы 2003-жылдың күзінде Нью-Йоркте өтетін жыл сайынғы ЭММИді табыс ету салтанатының 55-ші финалында Азия аймағының намысын қорғайтын екі таңдаулы сюжетті таңдап алмақшы.
Халықаралық ЭММИ сыйлығы дүниежүзі бойынша үздік телевизиялық бағдарламаны таңдау үшін тағайындалған.
Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді
