Алматыда кімдер ПТР тестілеуден тегін өте алады?


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтуі қарастырылғанын атап өтті.

"Мен мұнда ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпын, әр емханада учаскелік дәрігер, кезекшілер бар, сондай-ақ 24/7 телемедицина орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы сізге көрсеткіштер бойынша толық жауап береді және ПТР-тестілеуден қайда және қалай тегін өту керектігін айтады", – деп нақтылады Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.