Алматыда кісіпкерді тонаған қарақшылар ұсталды


Жұма күні қалалық полиция мәлімдегендей, күдікті ретінде Жамбыл облысының тұрғындары түнде ұсталып, жауап  беруде.
Ұсталғандар арасында кәсіпкерге жүргізуші болып жұмыс істеген адам бар. Өз жерлестеріне ақша туралы сыбыс берген де діл сол болып шыққан. Ұрланған ақшаның жартысы қайтарылды, қалғанын қаскөйлер жұмсап  үлгерген. 
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні кешкісін төлем терминалдарының бірінен ақша алған кәсіпкерді белгісіз үш адам травматикалық қарудан оқ атып, 500 мың теңге салынған сөмкесін алып кеткен.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.