Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26-наурызда Медеу ауданындағы Көк-төбе-1 ауылында құбырдан су ағу салдарынан топырақ қабаты біраз шайылды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі бұл маңда лай көшкін жүру қаупі жоқ екенін анықтады.
Құбырдағы ақауды су құбыры желілерін пайдалану жөніндегі мекемесінің қызметкерлері жойды. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңертең жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті